«Home Credit Tengri Ultra 2019»

                                                                    ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

  1. МАҚСАТТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР
  • Бұқаралық спорт түрлерін дамыту және насихаттау;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру;
  • Ішкі және сыртқы туризмді дамыту.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

Сайысты ұйымдастырушы  «Экстремальная Атлетика» ҚБ, Бас демеуші «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ

 

  1. ӨТКІЗУ ОРНЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ:

Сайыс  2019 жылы 10, 11 және 12 мамыр күндері Қазақстан Республикасы, Алматы облысында өтеді, сөре және мәре Тамғалы-Тас шатқалы, Іле өзені жазығы

  1. СӨРЕ ОРНЫНА ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ:

4.1. Сөре орнына жақын ірі қала – Алматы. Мұнда халықаралық әуежай бар.
Алматыдан трансфер ұйымдастырылатын болады. Трансфер ақысы жеке төленеді, бағасы екі бағытқа 5000 теңгені құрайды.
4.2. Трансфер кестесі

Алматы – Тамғалы-Тас

Жөнелту 14:00 10 мамыр 2019 жыл  Байтұрсынов – Сәтпаев көшелерінің қиылысы (Астана қонақ үйі).
Жөнелту 13:00 11 мамыр 2019 жыл  Байтұрсынов – Сәтпаев көшелерінің қиылысы (Астана қонақ үйі).

Тамғалы-Тас — Алматы

Жөнелту 11 мамыр 2019 сағат 20:00  Тамғалы-Тас – Алматы қаласы
Жөнелту 12 мамыр 2019 сағат 16:00  Тамғалы-Тас – Алматы қаласы

Трансферге тапсырыс беру және төлем жасау үшін  сөренің tengriultra.kz ресми сайтына кіру керек.

  1. ЖАРЫС ФОРМАТЫ (ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР):

5.1. Қашықтықтар.

Сайыс үш түрлі қашықтық бойынша өткізіледі (таңдамалы).

Қашықтықтар:

  • 15 км (жинақ 250 м), бақылау уақыты 4 с.
  • 35 км (жинақ 650 м), бақылау уақыты 7 с.
  • 70 км (жинақ 1450 м), бақылау уақыты 12 с.

Жарыстың барлық қашықтықтары Халықаралық трейлраннинг ассоциациясымен (ITRA) сертификатталған және сигналдық таспамен немесе басқа да көрінетін элементтермен таңбаланған.

5.2 Санаттар.

Home Credit Tengri Ultra 2019 жүгіру санаттары:

  1. «Sprint 15»
  2. «Trail 35»
  3. «Ultra 70»
  4. «Ultra 70 Relay»

Ескерту:

  • «Sprint 15», «Trail 35», «Ultra 70» — бұл 15, 35 және 70 км қашықтықтағы жеке санаттар.
  • «Ultra 70 Relay» —70 км қашықтықтағы эстафета. Формат (35km + 35km), қатысушылардың ауысуы тек қашықтықтың 35 км бірінші бөлігі аяқталғаннан кейін ғана орын алады.
  • «Эстафета  таяқшасын» табыстау міндетті. Командалардың мүмкін құрамы: ӘӘ, ӘЕ. (Ә – Әйел адам, Е- Ер адам)

5.3 Жас санаттары.

Жеке жүгірудегі жас санаттары:

  • 18 — 35
  • 36 — 50
  • 51 — 60
  • 61 +

Қатысушылардың жастары 31.12.2019 күндегі жасы бойынша анықталады.

 «Ultra 70 Relay» санаты жасқа бөлінбейді.

 

  1. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
  • Жас шектеулері: сөреге келген сәтінде қатысушы: жасы 18 толған болуы керек, жас шектеулерінің жоғарғы шегі жоқ.
  • Барлық қатысушыларға медициналық тексеруден өтуді және болжанбаған жағдайлар орын алуы мүмкіндігіне байланысты сақтандыруы болуын қадала кеңес береміз.
  • Сайыстар қашықтағы далалы жерде өтеді және  әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін болып табылады.
  • Жарысқа қатысу арқылы қатысушылар өздерінің денсаулығына және жарыстарға қатысуға байланысты барлық ықтимал тәуекелдерге жауапкершілік алады және ұйымдастырушылар жарыста тікелей қатысқаны үшін олар тартқан физикалық немесе материалдық шығындар болған кезде кез-келген материалдық, азаматтық немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
  • Қатысушылар сөре сәтіндегі өз денсаулық жағдайы туралы, жеке физикалық мүмкіндіктері және өзінің техникалық дағдылары деңгейі туралы хабардарлығына кепілдік береді.
  • Әрбір қатысушы сөре жинағын алу алдында ұйымдастырушыларды жауапкершіліктен босату туралы қолхат береді.
  • Жалпы қашықтыққа жүгіру барысында қатысушы өзімен бірге алып жүруге тиісті міндетті жабдықтар тізімі:

 

Міндетті жабдықтар 15 км 35 км және  Эстафета 70 км.
Ұйымдастырушылар белгілеген номерлері бар ылғалдан қорғалған қаптамадағы қуаттандырылған мобильді телефон + +
Суға арналған ыдыстар, жиынтық көлемі: 0,5 л 0,5 л
Сөре нөмірі + + +
Құтқару көрпесі + +
Күннен қорғауға арналған бас киім — қалпақ, бандана, панама + +
Ысқырық

Суға арналған саптыаяқ

+

+

+

+

Ұсынылатын жабдықтар 15 км. 35 км. 70 км.
Күннен қорғайтын көзілдірік + + +
Қажалуға қарсы және күннен қорғайтын крем + + +
Ауыстыратын шұлық + + +
Қор тамағы (гель, батондар, кептірілген жемістер) + + +

 ! Бағыттын кез келген нүктесінде ұйымдастырушылар міндетті жабдықтарды көрсетуді талап етуі мүмкін. Болмаған жағдайда – айыппұл уақыты тізімдегі әр заттың болмағаны үшін 1 сағат.

 Міндетті жабдықтар жинағын транзит аймағында «Ultra 70 Relay» санатындағы басқа топтың мүшесіне беруге рұқсат етіледі.

Дәрігердің сайысқа қатысуға рұқсат анықтамасы қажет, алайда міндетті емес.

 

  1. ЖҮРІП ӨТЕТІН ЖОЛДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ.

> 15 км қашықтық: сөре Тамғалы-Тастан басталады – солтүстік беталысқа қарай қара жолмен қозғалыс –2,5 км жүргеннен кейін жол таусылады және әрі қарай жолдан тыс дөнді жермен жүру – тамақтану орны (электронды белгілеу пункті осы жерде), бұрылу нүктесі – қара жолмен мәреге дейін жүру (мәре бастапқы сөре нүктесінде сайыс лагерінде). Нақты қашықтық 13 км құрайды.

> 35 км қашықтық: сөре Тамғалы-Тастан басталады – солтүстік беталысқа қарай қара жолмен қозғалыс –2,5 км жүргеннен кейін жол таусылады және әрі қарай жолдан тыс дөнді жермен жүру – тамақтану орны (электронды белгілеу пункті осы жерде) – шатқалдың басталуы, Солтүстік-Шығысқа қарай жалпы беталыс – шатқалдан шығу, тамақтану орны, электронды белгі қою – Батысқа қарай қара жолмен қозғалыс – жолдан шығу, шөптесін даламен жүру, аңғардан өту, Солтүстікке қарай қозғалыс – құм төбелер – құмды жолға өту, Батысқа қарай қозғалыс – тамақтану орны, электронды белгі қою – өзен бойымен төмен түсу – өзен бойында Оңтүстікке бұрылу – өзен бойымен қара жолмен жүру – тамақтану орны, электронды белгі қою – өзен бойындағы сазды жолмен жүру – тамақтану орны – Тамғалы-тасқа дейін қозғалысты жалғастыру, мәре (мәре сөре нүктесінде, сайыс лагерінде). Нақты қашықтық 36 км құрайды.

> 70 км қашықтық: сөре Тамғалы-Тастан басталады – солтүстік беталысқа қарай қара жолмен қозғалыс –2,5 км жүргеннен кейін жол таусылады және әрі қарай жолдан тыс дөнді жермен жүру – тамақтану орны, электронды белгі қою – шатқалдың басталуы, Солтүстік-шығысқа қарай жалпы бағыт – шатқалдан шығу, тамақтану орны, электронды белгі қою – Батысқа қарай қара жолмен қозғалыс – жолдан шығу, шөптесін даламен жүру, аңғардан өту, Солтүстікке қарай қозғалыс – құм төбелер – құмды жолға өту, Батысқа қарай қозғалыс – тамақтану орны, электронды белгі қою – өзен бойымен төмен түсу – өзен бойында Оңтүстікке бұрылу – өзен бойымен қара жолмен жүру – тамақтану орны, электронды белгі қою – өзен бойындағы сазды жолмен жүру – тамақтану орны – Тамғалы-тасқа дейін қозғалысты жалғастыру, аралық мәре, тамақтану орны, электронды белгі қою, қашықтықты өту уақытын бақылау, 70 км рұқсат алу – өзен бойымен қара жолмен жүру – Шығысқа қарай жартастан өту, шоқыға көтерілу – тамақтану орны, электронды белгі қою – тасты соқпақпен өзен аңғарына түсу – Оңтүстікке қарай өзен бойымен ТЖМ полигоны арқылы өту – тасты соқпақпен шоқыға көтерілу – тамақтану орны, электронды белгі қою – Шығысқа қарай қара жолмен қозғалыс – жолдан түсу, Солтүстікке қарай шөптесін жолмен жүру – тамақтану орны, электронды белгі қою, өту уақытын бақылау – жартасты шатқалмен түсу – шатқалдан шығу, Оңтүстік-Шығысқа қарай тасты соқпақ бойынша шоқыға көтерілу – жартасты шоқымен қозғалыс, жолсыз, қара жолға шығу – Батысқа қарай қара жолмен қозғалыс, өзен аңғарына түсу – Оңтүстікке бұрылу – мәреге қарай қозғалыс (мәре сөре нүктесіндегі, сайыс лагерінде). Нақты қашықтық 70 км құрайды.

 

  1. АЛДЫН АЛА САЙЫС БАҒДАРЛАМАСЫ.

10 мамыр  2019

14:00 қаладан автобустардың шығуы
15:00 сөре жинақтарын беруді бастау
18:00-20:00 кешкі ас
19:00 сөре нөмірлерін беруді тоқтату
19:10 «Ultra 70» және «Ultra 70 Relay» санаттарының қатысушылары үшін брифингті бастау
22:30 жалпы ұйықтау

 

11 мамыр 2019

04:30-5:30 таңғы ас
06:00 «Ultra 70» және «Ultra 70 Relay» қашықтықтарын бастау
08:00-09:00 таңғы ас
12:00 70 км қашықтықтың екінші жартысына шығу үшін бақылау уақыты соңы және эстафетаны екінші қатысушыға тапсыру
12:00 «Sprint 15» және «Trail 35» санаттарының қатысушыларына арналған сөре нөмірлерін беруді бастау
13:00 Sprint 15» және «Trail 35» санаттарының қатысушылары үшін қаладан автобустардың шығуы
14:00-16:00 түскі ас
18:00 «Ultra 70» санаты үшін бақылау уақытының соңы
18:00-20:00 кешкі ас
19:00 «Sprint 15» және «Trail 35» санаттары үшін мәре нөмірлерін беруді аяқтау
19:10 Home Credit Tengri Ultra 2019 ашылуы және  «Ultra 70» және «Ultra 70Relay» санаттарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
19:45 «Sprint 15» және «Trail 35» санаттарына арналған брифинг
20:00 «Ultra 70» және «Ultra 70Relay» санаттарының қатысушылары үшін қалаға автобустардың шығарылуы (қалаған адамдар қалып, келесі күні  қайтуына болады)
21:00 «Бақсылық ғұрып», алау
22:30 жалпы ұйықтау

 

12 мамыр 2019
05:30-08:00 таңғы ас
07:00 «Trail 35» қашықтығының сөресі
07:00 — 8:00 «Sprint 15» санаты бойынша сөре нөмірлерін берілуі
09:00  «Sprint 15» санатының сөресі
13:00 «Sprint 15» санатындағы бақылау уақытының соңы
13:00 түскі астын басталуы
14:00 «Trail 35» санатының бақылау уақытының соңы
14:00 «Sprint 15» және «Trail 35» санаттарын марапаттау
16:00 сайыстардың жабылуы, автобустардың қалаға қайтуы

 

  1. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ.

Жеке санаттарда

  • Әрбір санаттың жеңімпаздары және сыйлық иегерлері қашықтықты жүріп өткен үздік уақыты бойынша анықталады (айыппұл уақытын ескере отырып – Міндетті жабдықтар тармағын қар.), әр санат бойынша ер және әйел адамдар салмақтары бойынша анықталып, мақтау қағаздарымен, демеушілер бар болған жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  • Барлық мөреге жеткендер және бақылау уақытында жүріп өткендер мөреге жеткендер медалімен марапатталады.
  • Алдын ала нәтижелер сайыс лагерінің ақпараттық стендінде жарияланатын болады, сонымен қатар, әрбір қатысушыға мөреге жеткен сәтінде беріледі (бақылау нүктелеріндегі аралық бөліктерімен бірге мөре уақыты тұралы деректерін беру).

 «Ultra 70 Relay» эстафетасында

  • Жеңімпаздар екі қатысушының 70 км қашықтықты жүріп өтуге жұмсаған ең аз уақыты бойынша анықталады. Екінші қатысушы мөресінде «Эстафета таяқшасы» қатысушыда болуы керек. «Эстафета таяқшасын» жоғалту команданың біліктілігін жоюға алып келеді.
  • Марапаттау ЕӘ және ӘӘ санаты бойынша жеке әрбір алғашқы үш орын бойынша жүзеге асырылады. Жас санаттары ескерілмейді. Жеңімпаз командаларға мақтау қағаздары, медальдер және демеушілер бар болған жағдайда бағалы сыйлықтар табысталады.

Қорытынды хаттама tengriultra.kz сайтында 2019 жылғы 14 мамырдан кеш емес мерзімде жарияланады.

 

  1. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.

Сайыс қатысушылардың сөре жарнасы есебінен, ұйымдастырушылардың жеке қаражаты және демеушілік көмек есебінен жүргізіледі.

Ұйымдастырушылар келесілерді қамтамасыз етеді (сөре жинағына енеді):

  1. жолды дайындау және қажетті белгілерін салу
  2. қашықтықтардағы бақылау пункттеріндегі жұмыс
  3. қауіпсіздікті қамтамасыз ету: төтенше әрекет ету қызметтерінің кезекшілігі
  4. электронды белгілеу (сөре/мәре, аралық пункттер), нәтижелерді сөре қаласында және сайыс сайтында уақытылы жариялау
  5. ITRA сертификатталған сайыстар
  6. қашықтықтағы қоректену
  7. мәреші медалі
  8. марапат атрибутикасы және жеңімпаздарға сыйлықтар
  9. сөре номері, номерді бекітуге арналған түйреуіштер жинағы
  10. жеке чип

 

  1. ТІРКЕУ.
  • Сайысқа тіркеу kzсайтында 16.05.2018 бастап 05.05.2019 дейін ашық болады, 6.05.2019 бастап тіркеу тек қатысуға бос слоттар болған жағдайда сөре орнында ғана қол жетімді болады
  • Қатысушы сөре жарнасын төлегеннен кейін тіркелген болып табылады
  • Ұйымдастырушылар себебін түсіндірместен өтінішті қабылдаудан бас тартуға құқылы болады
  • Қашықтықтар бойынша қатысушылар лимиті:

 

Sprint 15 км Trail 35 км Ultra 70 км Ultra 70 км Relay
Қатысушылардың максималды саны 800 400 150 адам. 75 команда

Сөре жарнасы (бір қатысушыдан) ТМД азаматтары үшін, теңге. «Ultra 70 Relay» санатындағы команда мүшелерінің бірі ТМД азаматы болмаған жағдайда бағасы Команда басшысының азаматтығы бойынша анықталады.

Sprint 15 км Trail 35 км Ultra 70 км Ultra 70 км Relay
31.05.2018 дейін төлегенде 4 000 5 000 8 000 10 000
1.06.2018 — 31.12.2018 дейін төлегенде 4 000 6 000 9 000 12 000
1.01.2019 — 31.03.2019 дейін төлегенде 5 000 8 000 11 000 16 000
1.04.2019 — 5.05.2019 дейін төлегенде 6 000 9 000 12 000 18 000
Мәре орнында төлегенде (бос орындар болған жағдайда) 7 000 12 000 18 000 24 000

Басқа мемлекеттер азаматтары үшін (бір қатысушыдан), $:

15 км 35 км 70 км Ultra 70 км Relay
31.05.2018 дейін төлегенде 30$ 40$ 50$ 80$
1.06.2018 — 31.12.2018 дейін төлегенде 35$ 45$ 60$ 90$
1.01.2019 — 31.03.2019 дейін төлегенде 40$ 55$ 70$ 110$
1.04.2019 — 5.05.2019 дейін төлегенде 50$ 65$ 80$ 130$
Мәре орнында төлегенде (бос орындар болған жағдайда) 60$ 100$ 130$ 200$

5.05.2019 кейін сайттағы электронды тіркеу жабық болады. Тіркелу мүмкіндігі тек  сәйкес қашықтыққа бос орындар бар болған жағдайда сайыс лагерінде  сәйкес қашықтық бойынша жоғарылатылған жарна түрінде төленеді.

  • Өтінішті 15.03.2019 дейін қайтарып алған жағдайда, қатысушыға жарнаның 50% қайтарылады. 15.03.2019 кейін жарна қайтарылмайды. Қатысушы ақысы төленген өтінішті ұйымдастырушылармен келісу арқылы басқа қатысушыға бере алады.
  • Үлкен немесе кіші қашықтыққа ауысқан жағдайда қатысушы қашықтықты ауыстырған сәттегі қатысу құнының айырмашылығына дейін айырмашылықты төлеуге міндетті болады. Үлкеннен кіші қашықтыққа ауысқан жағдайда қатысушыға айырмашылық қайтарылмайды.
  1. ОРНАЛАСТЫРУ.
  • Сайыс өтетін орында тұрғылықты ғимараттар жоқ, тек шатырларда ғана қоныстануға болады.
  • Өз бетінше орналасуға шектеулер жоқ, жеке шатырды орнату тегін
  • Тамақтану және жайғастыру немесе тек тамақтануға ғана тапсырыс беруге болады
  • «Жайғастыру» қызметі: жылы жатын көрпе, каремат, екі орынды шатырдағы бір орынды қамтиды.

 Ұйымдастырушылар tengriultra.kz  сайтының «Қызметтер» бөлімінде ресми сайтты тамақтану және қоныстану ақысын алдын ала төлеп, тапсырыс бере алады.

 

  1. БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ.

Ұйымдастырушылардың байланыс e-mail: tengriultra@gmail.com

Тел.: +7 705 602 4249 (Мария)

Дс.-Жм  10:00 бастап 19:00 дейін, Сн  11:00 бастап 15:00 дейін.